Путин Украинаға Қырымға қатысты қатаң ескерту жасады
(last modified Thu, 12 May 2016 08:33:45 GMT )
Maм 12, 2016 14:33 Asia/Almaty
  • Путин Украинаға Қырымға қатысты қатаң ескерту жасады

РФ Президенті: «Ресей Қырым аймағының кез-келген қоршауын кесімді түрде бұзады. Мәскеу кез-келген сәтте бұл істі атқаруға дайын»,-деп ескертті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Кремль сәрсенбі күні Қара теңіз жағалауында орналасқан Қырым түбегінің Украинадан келетін электр қуатына деген қажеттіліктен толық арылғанын хабарлап, Владимир Путиннің сөзіне сілтеме жасап: «Қажет болған жағдайда Ресей Қырымды қоршауға бағытталған кез-келген шараны жеңіліске ұшыратады»,-деп мәлімдеді.

Путиннің бұл ескертуі Украина Президенті Петр Порошенконың АҚШ пен Батыс елдерінің Ресейге қарсы санкцияларының кеңейтілуін сұраған жуырдағы өтінішінен кейін айтылды.

Украинаның бір ұлтшыл тобы өткен жылы Қырымға электр қуатын тасымалдайтын желілердің бір бөлігін қиратып, осы түбектің көп аудандарын жарықсыз қалдырды. РФ Президентінің бұйрығымен қысқа уақыттың ішінде Қырым түбегін электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында Ресейден 1270 МВт-тық 4 желі іске қосылды.