Қаз 18, 2023 18:06 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран мен Сауд Арабиясы Газаға шабуылдарды тоқтату үшін үйлесе әрекет етуі керек

Джиддада іссапарда жүрген ИИР Сыртқы істер министрі Иран мен Сауд Арабиясының Газаға шабуылдарды тоқтату үшін үйлесе әрекет ететінін хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фарханмен сұхбаттасты.

Ислам ынтымақтастық ұйымы атқарушы кеңесінің бүгінгі төтенше отырысында мәлімдеме жасалады. Отырысқа ИЫҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері қатысады.

ИИР Сыртқы істер министрінің айтуынша, бұл мәлімдемеде Газаға шабуылдар тоқтатылып, Газа халқына гуманитарлық көмек жеткізу жолдары ашылып, сионистердің қылмыстарына қарсы тұрып, Газа халқын мәжбүрлеп көшіруге тосқауыл қойылуы керегі айтылады.  

Тегтер