Теһран халқы "Палестина" алаңында сионистік режимге қарсы митинг өткізді
Теһран халқы сионистік режимнің Газадағы әл-Момадани ауруханасына жасаған шабуылына наразылық ретінде "Палестина" алаңына жиналды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһран халқы сейсенбі күні кешке осы наразылық акциясында әл-Момадани ауруханасында сионистік режим тарапынан бейкүнә адамдардың өлтірілуін айыптап, мұны геноцид деп атады.
Сондай-ақ Теһранның наразы халқы "Израильге өлім!", "Израильмен бітім де, оған бас ұру да болмайды", "Қайратты армия зымыранға зымыранмен жауап береді" деп ұрандатты.
Басқа қалалар, соның ішінде Мешхед, Құм, Шираз, Исфахан, Рәшт, Йезд, Бандар-Аббастың тұрғындары да митинг өткізіп, сионистік режимнің қылмысы мен Газа халқының жағдайына қатысты адам құқығын қорғаушылардың үнсіздігін айыптады.