Сионистердің әл-Момадани ауруханасына жасалған шабуыл туралы уәждері Түркия тарапынан теріске шығарылды
(last modified Wed, 18 Oct 2023 14:49:48 GMT )
Қаз 18, 2023 20:49 Asia/Almaty
  • Сионистердің әл-Момадани ауруханасына жасалған шабуыл туралы уәждері Түркия тарапынан теріске шығарылды

Түркияның жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы сионистердің Газадағы әл-Момадани ауруханасына жасалған шабуыл туралы уәждерін теріске шығарды.

TRT арнасының хабарлауынша, Түркияның әлеуметтік желілер және ақпараттық құралдармен байланыс басқармасындағы жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы сәрсенбі күні: "Сионистік үгіт-насихат құрылымдары Газадағы әл-Момадани ауруханасына кеше түнде жасалған шабуылға ХАМАС-ты айыптау мақсатында әлеуметтік желілерде 2022 жылғы ескі суреттер мен видеоларды жариялады",-деп хабарлады.

Түркияның жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы сионистердің Газадағы әл-Момадани ауруханасына жасаған шабуылынан кейін мәлімдеме жасап: "Израиль емес, ХАМАС Газаның әл-Зейтун ауданындағы әл-Момадани ауруханасына шабуыл жасады деген уәж жалған",-деп хабарлады.

Бұл мәлімдемеде: "Аурухананың бомбаланған сәті түсірілген видеодан шабуылға қолданылған қару-жарақтардың ХАМАС-тың ықтиярында бар қаруларға жатпайтындығын көруге болады",-деді.