Сириядағы АҚШ-тың екі маңызды әскери базасына дрондар және зымырандармен шабуыл жасалды
https://itolqyn.com/news/world-i73130-Сириядағы_АҚШ_тың_екі_маңызды_әскери_базасына_дрондар_және_зымырандармен_шабуыл_жасалды
Ақпарат көздері Сириядағы АҚШ-тың "әт-Танаф" базасына дрондармен, ал Конико газ кенішіндегі базасына зымырандармен шабуыл жасалғанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 19, 2023 16:41 Asia/Almaty
  • Сириядағы АҚШ-тың екі маңызды әскери базасына дрондар және зымырандармен шабуыл жасалды

Ақпарат көздері Сириядағы АҚШ-тың "әт-Танаф" базасына дрондармен, ал Конико газ кенішіндегі базасына зымырандармен шабуыл жасалғанын хабарлады.

Al-Mayadeen телеарнасының хабарлауынша, АҚШ-тың "әт-Танаф" базасына үш дрон атылған, бірақ шабуылдың шығыны туралы ақпарат берілмеді.  

"Әт-Танаф" базасы Сирияның оңтүстік-шығысындағы америкалық әскерилердің ең маңызды бекінісі саналады. Ол Сирия, Ирак пен Иорданияның шекарасында орналасқан. Айта кетейік, «Магавир ат-Тура» лаңкестік тобының штаб-пәтері де осы базаның ішінде, америкалық күштерге жақын жерде орналасқан.