Бағдадтағы АҚШ-тың "Виктория" базасына шабуыл жасалды
Ирак ақпарат құралдарының хабарлауынша, жұма күні таңертең Бағдад әуежайына жақын жерде орналасқан АҚШ-тың "Виктория" базасы маңында жарылыс дыбысы естілді.
Кейбір жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, басқыншылардың базасына кемінде екі зымыран түскен.
Сондай-ақ Ирактың исламдық қарсыласу күштері мәлімдеме таратып: "Қарсыласу күштерінің күрескерлері бейсенбі күні кешке Ирактың батысындағы АҚШ-тың Эйн-ул-Асад базасын зымыранмен атқылады. Бұл зымырандар нысанаға дөп тиді",-деп хабарлады.
Кейбір жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, осы шабуыл салдарынан Эйн-ул-Асад базасында орналасқан америкалық әскерилер "дайын бол" жағдайына келтіріліп, америкалық қырғи ұшақтар мен тікұшақтар көкке көтерілді.
Ирактың исламдық қарсыласу күштері сондай-ақ Сирия, Ирак пен Иордания шекарасында орналасқан әт-Танф америкалық базасына 3 дронмен жасалған шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды. Аталмыш дрондар әт-Танф базасының көгінде ұшып, оны нысанаға алды.