Қаз 20, 2023 22:12 Asia/Almaty
  • Иранның Қызыл жарты ай қоғамы Газаға дәрі-дәрмек пен азық-түлік жіберуге дайын

Иран Сыртқы істер министрі Алжир Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбатында елдегі Қызыл жарты ай қоғамының Мысыр арқылы Газаға дәрі-дәрмек пен азық-түлік жіберуге дайын екенін жариялады.

Амир Абдуллахиан осы сұхбатта қазіргі жағдайда бірінше кезекте сионистік режимнің бейбіт тұрғындарға шабуылын тоқтатып, Газаға гуманитарлық көмек жіберу керегін айтты.

Амир Абдуллахиан сионистік режимнің Газадағы бейбіт тұрғындарды, әсіресе  әл-Момадани ауруханасын нысанаға алып, соғыс қылмысын жасағанын айтып, Израильдің бейбіт тұрғындарға шабуылын тоқтатып, Газаға гуманитарлық көмек жіберу үшін ислам елдері арасында дипломатиялық кеңестерді арттыру керегін баса айтты.

 

Тегтер