Қаз 22, 2023 19:36 Asia/Almaty
  • Әлемнің түкпір-түкпірінде Палестина халқына қолдау көрсету  шерулері жалғасуда

Вашингтон мен Нью-Йоркте мыңдаған америкалық азамат Газа халқын қолдап, сионистік режимнің қылмыстарын айыптаған шерулерден кейін Лос-Анджелесте де Палестина жақтастарының жаппай шеруі өтті.

 

Бұл шеруге қатысушылар Палестина туын ұстап, ұрандар айтып, сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстарын тоқтатуды талап етті.

Канаданың Ванкувер қаласының халқы да жаппай шеру өткізіп, сионистік режимнің қылмыстарын айыптады.

Ұлыбританияның ішкі істер министрі тіпті Палестина туын алып жүруді де қылмыстық жауапкершілікке тартуға тырысқанда, сенбі күні 100 мыңнан астам адам қолдарына Палестина туы мен сионистік режим мен оның жақтастарына қарсы плакаттар ұстап, сионистік режимнің қылмыстарына наразылық білдірді.

 

Бақылау органдарының мәліметінше, бұл жиын Ұлыбританиядағы антисионистік шеру болды.

Британ полициясы сенбі күнгі шерулер кезінде палестиналық 10 жақтасты тұтқындағанын растады.

Шерушілер Израильдің Газадағы соғыс қылмыстарының және бұл қылмыстарды Батыс үкіметтерінің қолдауын тоқтатылуын талап етіп, қылмыскерлерді соғыс қылмыскері ретінде жазалау қажеттігін баса айтты. Жарияланған мәліметтерге қарағанда, бұл шеруде 300 мыңнан астам адам көшеге шыққан. Бұл Ұлыбритания астанасында соңғы 2 аптадағы Палестинаны қолдауға арналған төртінші наразылық шеруі.

70 мыңға жуық адам сенбі күні кешке Барселонаның орталығына жиналып, «Палестинадағы геноцидті тоқтатыңдар» деген ұранды айтты.

Барселона қаласындағы шерушілер Еуроодақ басшыларынан аймақта дереу атысты тоқтатуды және сионистік режиммен қару-жарақ келісімдерін тоқтатуды сұрады.

Шерушілер сонымен қатар азық-түлік пен дәрі-дәрмектің Газаға кіруіне мүмкіндік беру үшін гуманитарлық көмек жіберу үшін дәліз жасауды талап етті. 

                                                                                                                                                        

Шерушілер Еуропа Одағынан «сионистік режимге санкция салу арқылы палестиналықтарға қарсы оккупацияны, отаршылдық пен апартеидті тоқтатып, сегіз миллион палестиналық босқынның елге оралуына рұқсат беруін» сұрады.

Осы есеп бойынша Даманхур қаласында "Қарсыласу лаңкес емес", "Сионистер лаңкес"  деген ұрандар көтерілді.

 

Тегтер