НАТО-ның Ауғанстандағы ресми өкілінің ДАИШ туралы сөздері
Ауғанстан армиясы осы елде өздерінің ДАИШ лаңкестік тобына қарсы сәтті амалдары жайында хабарлап жатқан жағдайда НАТО Ауғанстанда ДАИШ тәкфирлік тобының 3 мыңға жуық мүшесі орналасқанын хабарлады.
НАТО күштерінің Ауғанстандағы ресми өкілі генерал Вильсон Шафтер: «ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстандағы мүшелерінің саны 3 мыңға жуық деп есептелді. Көбіне бұл тәкфирлік топ осы елдің шығысындағы Нангархар облысының әртүрлі аудандарында орналасқан»,-деді. Ал Ауғанстан үкіметі осы уақытқа дейін осы елдегі ДАИШ тәкфирлерінің санын жариялаған емес.
Ауғанстан Президенті Мұхаммад Ашраф Ғани Германиядағы Мюнхен конференциясында: «Әлемнің ДАИШ лаңкестік тобына көңіл аудармауы бұл тәкфирлік топтың Ауғанстандағы белсенділігінің артуына себеп болған факторлардың бірі болды. Өткен жылғы отырыста әлем елдері басшыларына ДАИШ-тың қатері туралы ескерттім, бірақ кейбіреулер бұл қатерді әлемнің назарын Ауғанстанға аударуға талпыну деп түсінді»,-деп мәлімдеді.
Саяси бақылаушылардың көзқарасынша, НАТО күштерінің Ауғанстандағы ресми өкілі генерал Вильсон Шафтердің Ауғанстандағы ДАИШ мүшелерінің саны туралы ұсынған статистикалық мәліметі Ауғанстан үшін ғана емес, аймақ үшін де үлкен қауіп болып саналады. Бұл АҚШ пен НАТО-ның 15 жыл Ауғанстанда болғанда осы елде лаңкестермен күресу үшін қатаң шара қолданбағанын көрсетеді. Енді Ауғанстан ДАИШ сияқты лаңкестік топтардың әскери базасына айналып барады. АҚШ 2001 жылы Талибан мен әл-Каиданы жою сылтауымен Ауғанстанға әскер кіргізді. Бірақ Ауғанстан Президенті Мұхаммад Ашраф Ғани өзінің Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде әл-Каида ұйымының қайта жанданғаны туралы хабарлап, оның қайта күш жинауының салдары жайлы ескертті. Ауғанстанда қатігез топтардың қайта жандануы және бұл елде ДАИШ лаңкестік тобының пайда болуы АҚШ пен НАТО-ның олармен қатаң түрде қатынас көрсетпегенін білдіреді. Мұнымен қоса АҚШ пен НАТО Ауғанстан армиясын әлсіз күйде ұстап тұру арқылы оның лаңкестік топтарға қарсы тұруына қажетті жағдайдың қалыптасуына кедергі жасады. Алайда Ауғанстан армиясының басшылары қалыптасқан қиындықтарға қарамастан лаңкестермен күресуде сәттілікке қол жеткізіп жатқанын айтуда.
Саяси бақылаушылардың көзқарасынша, АҚШ Ауғанстанда дағдарысты басқару және соғысты бір кезеңнен екінші кезеңге ауыстыру саясатын көздеп отыр. 2001 жылы АҚШ-тың Ауғанстанға шабуылы мен оны басып алуының сылтауы әл-Каидамен күресу болды. Ал енді ДАИШ лаңкестік тобы мәселесі АҚШ пен басқа Батыс елдерінің Ауғанстанда өз күштерін арттыруына себеп болып отыр.
АҚШ-тың жалпы саясатының Ауғанстанды өзінің аймақтағы әскери базасына айналдыру, лаңкестікті тарату, лаңкестерді Орта Азия мен Кавказға тасымалдау және Ресей мен Қытай шекараларын тынышсыздандыру екендігінде күмән жоқ.
Сондықтан АҚШ Ауғанстан үкіметі мен армиясын әлсірету және осы елдің халқы мен аймақтық мемлекеттер арасында лаңкестерден қорқу сезімін ұялату деген екі жалпы саясатты көздеп отыр. Бұл ел осылайша өзінің Ауғанстандағы әскери құзырын ақтағысы келеді.