Қаз 27, 2023 17:05 Asia/Almaty
  • Әлемдік университеттердің 300 ұстазы Израильдің Газаға шабуылдарын тоқтатуына байланысты БҰҰ Бас хатшысына хат жолдады

Әлемдік университеттердің, соның ішінде Иранның 300 ұстазы Израильдің Газаға шабуылдарын тоқтатуына байланысты БҰҰ Бас хатшысына хат жолдады.

 

Осы 300 университет оқытушысы Антонио Гутерриштен қанды қырғынды тоқтату, сионистік режимді тежеу, тез арада атысты тоқтату режимін орнату және Газаға дереу гуманитарлық көмек жіберу үшін күш-жігерін аямауды сұрады.

Бұл хатта былай делінген: «Сионистік режим тоқтамайынша және Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы қылмыстары үшін жауап бермейінше, жазаланудан қорықпай, адамдарды өлтіруді, мүгедек етуді және халықаралық заңдарды мазақ етуді жалғастырады». Осы хатқа қол қойғандар бірнеше адам құқығын қорғау ұйымдарының, әсіресе Human Rights Watch ұйымының есептеріне сілтеме жасай отырып, былай деді: «Сионистік режим Газа мен Ливанда бейбіт тұрғындарға ауыр жарақаттар әкелетін заңсыз зат - ақ фосфорды пайдаланды».

 

Тегтер