Қаз 28, 2023 16:48 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан Гутерришпен кездесуінде: Иран Газадағы геноцидті дереу тоқтату үшін кез келген саяси шешімді қолдайды

ИИР  Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысымен кездесуінде Иранның Газадағы геноцидті дереу тоқтату үшін кез келген саяси шешімді қолдайтынын қуаттады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, БҰҰ Бас ассамблеясының Палестина мәселесі бойынша кезектен тыс сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған Хұсейн Амирабдуллахиан жұма күні (жергілікті уақыт бойынша) Антониу Гутерришпен кездесуінде: «Иран Газадағы адамзатқа қарсы қылмыстар мен геноцидті дереу тоқтатуға, үздіксіз гуманитарлық көмек жіберуге және Газа халқының мәжбүрлі миграциясына қарсы тұруға әкелетін кез келген саяси шешімді қолдайды",- деді. Амирабдуллахиан: "Егер қазіргі жағдай мен сионистік режимнің әскери қылмыстары жалғаса беретін болса, соғыс ауқымын кеңейту және Израиль режиміне қарсы аймақта жаңа майдандарды ашудың кез келген мүмкіндігін елестетуге болады",- деп сөзін жалғады.

Бұл кездесуде Гутерриш Иранның аймақтағы бірегей рөліне тоқтала отырып, ИИР дипломатиялық және сындарлы саяси талпыныстарын жалғастыруға шақырды. БҰҰ Бас хатшысы Газадағы гуманитарлық жағдайды апатты деп атап, барлық тараптардың соғысты дереу тоқтатып, гуманитарлық көмек жіберуге назар аударуын баса айтты.

 

Тегтер