Әлем жұртшылығы Нетаньяхуды сынауда
Әлемнің түрлі аймақтарында көптеген интернет қолданушылар «Twitter» әлеуметтік желісінде сионистік режимнің үкімет басшысын палестиналық балаларға қарсы жасаған ауқымды қылмыстарына байланысты сынады.
Палестина ақпарат тарату орталығының бейсенбі күнгі мәлімдеуінше, ғаламтор қолданушылар осы әлеуметтік желіде сионистік режимнің үкімет басшысы Бениямин Нетаньяхудың соғысқұмар саясатын сынап, Палестина жерлерінде елдер мен балаларға қарсы жасаған ауқымды қылмыстарына байланысты оны соттауды талап етті.
Интернет қолданушылар сондай-ақ «Twitter» желісінде Нетаньяхудың жеке парақшасында Израильдің палестиналықтарға қарсы қылмыстары жөнінде трагедиялық бейнелер жариялады.
Осыған дейін палестиналық балаларды қорғау әлемдік қозғалысы бұл жөнінде зерттеу есебін дайындап, тек «әл- Ақса» интифазасы басталғаннан осы уақытқа дейін шамамен 2000 палестиналық бала сионистік режимнің әскерилері мен сионистік қалашықтар тұрғындарының атқан оғынан шәһид болған деп мәлімдеген болатын.
Палестиналық балаларды қорғау әлемдік қозғалысының есебінде жылына шамамен 800 палестиналық баланың сионистік режимнің әскерилері мен полициясы тарапынан құрықталып, тергеуге алынатыны жазылған.