Амир Абдуллахиан: "Әл-Ақса дауылы" палестиналықтардың өз шешімі болатын
(last modified Mon, 30 Oct 2023 14:19:33 GMT )
Қаз 30, 2023 20:19 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан:

Иран Сыртқы істер министрі: "Біз Палестинаны қолдаймыз. Мұны теріске шығарған емеспіз. Бірақ Иранның "Әл-Ақса дауылы" операциясына еш қатысы жоқ",-деді.

Амир Абдуллахиан CNN телеарнасына берген сұхбатында: "Теһран үкіметінің "Әл-Ақса дауылы" операциясына еш қатысы жоқ",-деді.

Ол: "7 қазанда болған операция палестиналықтардың өз шешімі болатын",-деді.

Амир Абдуллахиан бұл сөздерін кейбір сионистік басшылардың "Әл-Ақса дауылы" операциясының артында Иран тұр деп уәж айтқанына жауап ретінде айтты.