Амир Абдуллахиан Исмаил Ханиямен Газадағы соңғы өзгерістер жайлы сұхбаттасты
Қар 03, 2023 17:01 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханиямен телефон арқылы Газадағы соңғы өзгерістер жайлы сұхбаттасты.
Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі X әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында осы туралы: "Бүгін кешке ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханиямен телефон арқылы сұхбаттасып, Палестинаның Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы соңғы өзгерістер жайлы пікір алмастым",-деп жазды.
Мәліметтер бойынша, Амир Абдуллахиан мен Исмаил Хания өткен сейсенбі күні Катарда бір-бірімен кездесіп, кеңескен болатын.
Тегтер