Ливан Хизбулласының бас хатшысы: АҚШ Газадағы барлық қырғын мен қылмыстарға тікелей жауапты
Ливан Хизбулласының бас хатшысы: "Қазіргі таңда АҚШ Газада жасалып жатқан барлық қылмыстарға тікелей жауапты. Соңғы қырғынның өтеуін АҚШ беруі керек. Бұл ел аймақтағы қылмыстары үшін жазалануы тиіс",-деді.
ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабына қарасты Дари радиосының хабарлауынша, Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла бүгін, жұма күні Құдс жолында шәһид болғандарды еске алуға орай сөйлеген сөзінде сионистердің 75 жыл бойы Палестина халқына қарсы қылмыс жасап жатқанына тоқталып: "Әл-Ақса дауылы" операциясы басталғаннан кейін АҚШ шайқалақтап тұрған сионистік режимнің тізгінін қолға алу үшін ілезде іске кірісті. АҚШ-тың Израиль режиміне көмекке асығуы бұл режимнің әлсіздігін білдіреді",-деді.
Ливан Хизбулласының бас хатшысы: "Әл-Ақса дауылы" операциясы және ешкімнің одан алдын ала хабардар болмауы бұл операцияның толығымен Палестинада жобаланғанын, Палестина халқы мен оның арманын қорғауға бағытталғанын, аймақтық және халықаралық мәселелерге еш қатысы жоқтығын дәлелдеді. "Әл-Ақса дауылы" операциясында болған оқиғалар Иранның қарсыласу топтарына қамқорлық жасамайтынын, шынайы шешім қабылдаушылардың қарсыласу күштерінің басшылары мен жауынгерлері екенін көрсетті",-деді.
Ливан Хизбулласының бас хатшысы сионистік режимнің Газа секторына шабуылда ауыр қылмыстар жасағанына тоқталып: "Қазір сионистік режим бүкіл әлемнің көзінше әйелдер мен балаларды жаппай қырып, тұрғын үйлер мен аудандарды қиратып жатыр. Газада жасалған қылмыстардың суреттері сионистерге мұндағы жеңіс Палестина халқына, жеңіліс дұшпанға нәсіп болатынын көрсетіп отыр",-деді.
Сейіт Хасан Насролла сионистік режимнің Газаға шабуылдарын тоқтату керегін айтып: "Егер Израильдің қылмыстары жалғасатын болса, Ливан жағынан соғыс кеңейіп, операция үлкен бір майданға айналуы мүмкін. Бұл бір шынайы ықтимал",-деді.
Сейіт Хасан Насролла "әл-Ақса дауылы" операциясынан кейінгі кезеңнің бұрынғыдай болмайтынын айтып: "Газаға басқыншылықты тоқтатып, ХАМАС-тың жеңіске жетуіне жәрдемдесуіміз керек. Өйткені Палестина халқының жеңісі Мысыр, Иордания, Сирия және әсіресе Ливанның мүдделеріне сай келеді",-деді.