Иран мен Бразилия Газа секторында Палестина халқының аяусыз өлтіріліп жатқанын талқылады
https://itolqyn.com/news/world-i73520-Иран_мен_Бразилия_Газа_секторында_Палестина_халқының_аяусыз_өлтіріліп_жатқанын_талқылады
Иран мен Бразилия Сыртқы істер министрлері сионистік режимнің Газа секторында Палестина халқын аяусыз өлтіріп жатқанына алаңдаушылық білдіріп, қылмыстарды дереу тоқтату керегін баса айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 05, 2023 19:28 Asia/Almaty
  • Иран мен Бразилия Газа секторында Палестина халқының аяусыз өлтіріліп жатқанын талқылады

Иран мен Бразилия Сыртқы істер министрлері сионистік режимнің Газа секторында Палестина халқын аяусыз өлтіріп жатқанына алаңдаушылық білдіріп, қылмыстарды дереу тоқтату керегін баса айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан сенбі күні кешке Бразилия Сыртқы істер министрі Мауру Виейрамен телефон арқылы сұхбаттасып, Бразилия үкіметінің халықаралық талпынысына, Палестинадағы қақтығыстарды тоқтату үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қарардың алғынұсқасын ұсынғанына тоқталып, Газада атысты тоқтату бітімін орнатып, Палестина халқына гуманитарлық көмек жіберу керегін баса айтты.

Бразилия Сыртқы істер министрі Газа секторында Палестинаның бейкүнә халқының қырылып жатқанына алаңдаушылық білдіріп, ИИР-дың аймақтағы маңызды рөліне тоқталып, аймақ пен әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуға көмектесу жолындағы Иранның сындарлы талпыныстарына алғыс айтты.