Зеленский Ресеймен бейбіт келіссөз жүргізуді қабылдамады
(last modified Sun, 05 Nov 2023 17:02:23 GMT )
Қар 05, 2023 23:02 Asia/Almaty
  • Зеленский Ресеймен бейбіт келіссөз жүргізуді қабылдамады

Украина Президенті Батыс елдерінің қысымына қарамастан Ресеймен бейбіт келіссөздерді қайта бастауды қабылдамады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Владимир Зеленский Еуроодақ комиссиясының басшысы Урсула фон дер Ляйенмен кездескеннен кейін Киевте өткен бір баспасөз конференциясында: "Ешқандай бейбіт келіссөз болмайды",-деді.

Зеленский Украина армиясының қолбасшысы Валерий Залужниймен сұхбатында Ресеймен соғыстағы жағдайды тығырық деп атап: "Киев қақтығыстардың бастапқы кезінде бұдан да ауырырық жағдайды басынан өткерген",-деді.

Зеленский: "Қазіргі таңдағы басты түйткіл – әуе кеңістігінің Ресейдің бақылауында болуы. Бұл мәселенің шешімі – Украинаны F-16 қырғи ұшақтарымен қамтамасыз ету",-деді.

Зеленский: "Украинаға F-16 қырғи ұшақтарын беруге шешім қабылданды. Бұл шешім украиналық ұшқыштарды даярлаудың аяқталғанын күтуде",-деді.