Сейіт Хасан Насролланың рационалды дипломатиясы
(last modified Sun, 05 Nov 2023 17:51:38 GMT )
Қар 05, 2023 23:51 Asia/Almaty
  • Сейіт Хасан Насролланың рационалды дипломатиясы

Батыс Азия мәселелері жөніндегі бір сарапшы Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролланың басып алынған жерлердегі соңғы өзгерістер жайлы жұма күнгі сөзіне тоқталып: "Ол революциялық көзқарас пен қарсыласу қатынасын сақтаса да, рационалды дипломатия негізінде сөз сөйледі",-деді.

Хұсейн Аджурлу ISNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында сейіт Хасан Насролланың басып алынған жерлердегі соңғы өзгерістер жайлы жұма күнгі сөзінің әдеттегідей қарсыласу өзегін қорғауға арналғанын айтып: "Сейіт Хасан Насролла өз сөзінде бірнеше маңызды позиция білдірді. Ол өз ұстанымымен сионистік режимнің қоғамдық дипломатия саласындағы кейбір талпыныстарын залалсыздандырды",-деді.

Хұсейн Аджурлудың айтуынша, сейіт Хасан Насролла өзінің қоғамдық дипломатиясымен араб-батыс майданының "әл-Ақса дауылы" операциясының шындықтарын бұрмалап көрсетуге бағытталған талпыныстарын залалсыздандырды. Ол араб-батыс нұсқасындағы кейбір пікірлердің таралуына жол бермеді.

Сейіт Хасан Насролланың ұстанымы бойынша, "Әл-Ақса дауылы" операциясы толық палестиналық шешім болды. 7 қазанда болған кейбір оқиғалар – сионистердің қателігі, олардың өз азаматтарына қарсы айуандық әрекеттерінің нәтижесі. Хизбулланың қатынасы – революциялық көзқарас пен қарсыласу қатынасы.

Хұсейн Аджурлудың айтуынша, Батыс ақпарат құралдары сейіт Хасан Насролланың ықтималды сөздеріне қатысты шиеленісті кеңістік тудыруға тырысты, бірақ ол революциялық көзқарас пен қарсыласу қатынасымен қоса, рационалды дипломатияны ұстанып, екі мәселені – Газада атысты шұғыл түрде тоқтатып, ХАМАС-тың соғыста жеңіске жетуіне көмектесуді баса айтты.