Газада соғыс басталғалы бері Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысына екінші рет ресми хат жолдады
(last modified Mon, 06 Nov 2023 09:08:25 GMT )
Қар 06, 2023 15:08 Asia/Almaty
  • Газада соғыс басталғалы бері Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысына екінші рет ресми хат жолдады

Газада соғыс басталғалы бері Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке екінші рет ресми хат жолдап: "Халықаралық қауымдастық тағы бір гуманитарлық апаттың алдын алу үшін бірлесе әрекет етуі тиіс",-деді.

Амир Абдуллахиан Палестинадағы қалалық инфрақұрылымдар, ауруханалар мен оқу орталықтарының қиратылуын 21 ғасырдағы халықаралық қауымдастық үшін бір қорқынышты перспектива деп атап, сионистік режимның құрлықтан басқыншылық жасауы және халықаралық қауымдастықтың мұны тоқтатуға шара қолданбауының бір геноцидке жағдай жасайтынын айтты.

Иран Сыртқы істер министрі сионистік режимнің осы күнге дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бекіткен 30 қарарды бұзғанына тоқталып, осы режимнің 75 жылдың ішінде халықаралық  заңдар мен принциптер және адам құқықтарын ашық түрде бұзғаны туралы кейбір фактілерге, соның ішінде Израильдің Палестина жерінде жүргізіп жатқан басқыншылықтарына Антониу Гутерриштің назарын аударды.

Сондай-ақ  Амир Абдуллахиан басқа бір хатта Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Миннен сионистік режимнің Палестинадағы қылмыстарын тоқтату үшін тиісті шаралар қолдануды сұрады. 

Тегтер