Зарғами Газадағы сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату туралы ЮНЕСКО-ға хат жазды
(last modified Tue, 07 Nov 2023 11:35:24 GMT )
Қар 07, 2023 17:35 Asia/Almaty
  • Зарғами Газадағы сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату туралы ЮНЕСКО-ға хат жазды

Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі ЮНЕСКО-ның Білім, ғылым және мәдениет ұйымының бас директорына жолдаған хатында бұл ұйымның басып алынған жерлерді, әсіресе Газадағы туындыларды, орындарды және мәдени мұраларды қорғау үшін шұғыл әрекет етуін талап етті. 

 

IRNA-ның хабарлауынша, бұл туралы Сейед Эззатулла Зарғамидің хатында былай деп айтылды: "Сионистік режимнің инфрақұрылымды қирату және бейбіт тұрғындарды, әсіресе балалар мен әйелдерді өлтіруіне байланысты бұл шабуылдары осы тығыз қоныстанған аймақты  білім беру мүмкіндіктерінен айыруымен қатар, осы аймақтағы мәдени және тарихи туындылардың жойылу қаупін тудырады. Басып алынған аумақтардың, әсіресе Газаның туындыларын, орындарын және мәдени мұраларын сақтау ЮНЕСКО ұйымының көбірек назарын қажет  және  басшысының шұғыл әрекетін талап етеді".