Иравани: Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасының ақиқаты бұрмаланбауы тиіс
(last modified Thu, 09 Nov 2023 10:20:23 GMT )
Қар 09, 2023 16:20 Asia/Almaty
  • Иравани: Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасының ақиқаты бұрмаланбауы тиіс

БҰҰ-дағы Иран елшісі: "Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасы талқыланғанда ақиқат бұрмаланбауы керек немесе таңдамалы негізде ұсынылмауы тиіс",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Саид Иравани сәрсенбі күні кешке АҚХА мен ИИР арасында түрлі салаларда тығыз байланыс барын айтып: "АҚХА бірнеше қайтара тексеріп растағанындай, Иранның бейбіт ядролық жұмыстарында ауытқу барын дәлелдейтін еш құжат жоқ",-деді.

Ол өз сөзінің жалғасында Израиль режимінің NPT хаттамасына қосылмағанына және АҚХА-ның жалпы қауіпсіздік кепілдігін сақтау құжатынан бас тартқанына тоқталып: "АҚХА Израильге қатысты бейтарап әрі кәсіби қатынас көрсетуі керек. Қазір осы режимді қарусыздандырып, аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздік орнататын кез келді",-деді.