АҚШ-тың әл-Амр мұнай кенішіндегі базасына 6 зымыран атылды
Сирияның Дейр-оз-Зор облысының шығысында орналасқан әл-Амр мұнай кенішіндегі АҚШ базасына 6 зымыранмен шабуыл жасалды.
Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауынша, АҚШ Қорғаныс министрі екі америкалық қырғи ұшақтың Дейр-оз-Зор облысының шығысындағы бір қару-жарақ қоймасына әуеден шабуыл жасағанын хабарлағаннан бірер сағат өткеннен кейін осы шабуыл жасалды.
АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин бейсенбі күні: "Ирак пен Сириядағы АҚШ базаларына жасалған шабуылдарға жауап ретінде Сирияның шығысындағы бір қару-жарақ қоймасын нысанаға алды",-деп хабарлады.
Ллойд Остин: "АҚШ-тың әуе шабуылы екі F15 ұшағының көмегімен жасалды",-деді.
Ирактың исламдық қарсыласу күштері 17 қазанда АҚШ-қа Вашингтонның Тель-Авивке Газаны бомбалауға көмектесіп жатқанына жауап ретінде осы елдің аймақтағы базалары нысанаға алынады деп ескертті.