Қар 12, 2023 18:55 Asia/Almaty
  • Палестинаны қолдаушылар АҚШ-та Ақ үйдің алдына жиналып, сионистік режимнің Газадағы қылмыстарын айыптады

Олар символдық түрде басқыншы режимнің Газа секторын бомбалауы салдарынан қаза тапқан палестиналық балалардың денелерін көтеріп, шеруге шықты.

Лос-Анжелесте америкалық азаматтар Палестина халқына тілеулестік білдіру және сионистік режимнің Газадағы қылмыстарын айыптау мақсатында митинг өткізді.

Аустрияның астанасы Венада да мыңдаған адам митингке шығып, Газада сионистер тарапынан палестиналықтардың өлтірілуін айыптады.

Францияның Марсель қаласындағы шерушілер сионистік режимнің Газаға шабуылдарын дереу тоқтату керегін баса айтты.

Германияның түрлі қалаларында, соның ішінде Берлин мен Мюнхенде антисионистік шеру өтті.

Испанияның Барселона қаласында антисионистік шерумен қоса, "Риал Сосьедад" клубының жанкүйерлері палестиналықтардың өлтірілуіне наразылық ретінде спорт алаңына қанға боялған ақ киім киіп, Палестина туын ұстап кірді.  

Швейцарияның Женева және Цюрих қаласында Газа секторы халқына қолдау ретінде шеру өткізді.   

Тегтер