Амир Абдуллахиан: Сионистік режим уақытпен ойнап отыр
(last modified Thu, 16 Nov 2023 11:25:32 GMT )
Қар 16, 2023 17:25 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Сионистік режим уақытпен ойнап отыр

Иран Сыртқы істер министрі Дүниежүзілік Қызыл крест ұйымының төрағасымен кездесуінде: "ХАМАС бейбіт тұтқындар мәселесінде оң ниет танытып, тұтқындармен алмасуға дайын екенін көрсетті. Бірақ сионистік режим уақытпен ойнап отыр. Осы режимнің Сыртқы істер министрі кейбір израильдік тұтқындардың жанұяларын көрсету арқылы өзін жапа шеккен тарап деп көрсетуге тырысып жатыр",-деді.

Амир Абдуллахиан  Дүниежүзілік Қызыл крест ұйымы төрағасының Газадағы гуманитарлық апатқа қатысты ұстанымдары мен талпыныстарына алғыс айтып, Газадағы жағдайдың ауыр әрі күрделі екенін айтты.

Амир Абдуллахиан ИИР-дың Газадағы гуманитарлық мәселелерге қатысты дипломатиялық талпыныстары жайлы баяндап, Теһран үкіметінің дағдарыстың аймаққа таралуына қарсы екенін айтып, Дүниежүзілік Қызыл крест ұйымының халықаралық комитетінің Газадағы гуманитарлық мәселелерді шешудегі рөлін аса маңызды деп атап өтті.  

Амир Абдуллахиан: "Сионистік режим гуманитарлық мәселелерді шешуге жол бермей отыр. ХАМАС-тың тұтқындарға қатысты оң қатынасы нәтижесіз қалды",-деді.