Ресей: Мәскеу мен Вашингтон қарым-қатынасы кез келген сәтте үзілуі мүмкін
Ресей Сыртқы істер министрі Мәскеу мен Вашингтон қарым-қатынасының кез келген сәтте үзілуі мүмкін екенін айтып: "АҚШ-тың Қытай мен Ресейді ауыздықтауға тіккен бәсі – осы дағдарыстың басты себебі",-деп мәлімдеді.
Ресей Сыртқы істер министрі Мәскеу мен Вашингтон қарым-қатынасының қайта орнағанына 90 жыл толуына орай жасаған мәлімдемесінде: "Ресей мен АҚШ арасында қарым-қатынас шиеленісіп кетті, бұған Вашингтон кінәлі",-деді.
Ресей Сыртқы істер министрі Вашингтонның Мәскеу мен Бейжіңді әлемдік деңгейде ауыздықтауға ұмтылуын Ресей мен АҚШ-тың қарым-қатынасында дағдарыстың күшеюінің басты себебі деп атады.
ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Кремль үкіметі: "Русофобия саясатына байланысты екі елдің қарым-қатынасы кез келген сәтте үзілуі мүмкін. Бұл Ресейдің таңдауы емес. Алайда шиеленісті ушықтырып отырған АҚШ-тың әрекеттері, соның ішінде Мәскеуге стратегиялық жеңілісті таңу доктринасының апатты салдары болуы мүмкін",-деді.