Иран когнитивті ғылымдар бойынша әлемдегі ең үздік 20 елдің қатарында
Қолдау саясаты мен академиялық ынтымақтастықтың дамуына сүйене отырып, Иран когнитивті ғылымның ғылыми өндірісі бойынша әлемдегі ең үздік 20 елдің қатарына енді.
Mehr аұпарат агенттігінің мәліметінше, Иранның когнитивті ғылымы мен технологияларын дамыту штабының хатшысы Атаолла Пур-Аббаси былай деп мәлімдеді: «Иран Ислам Республикасы қазіргі уақытта когнитивті ғылымның ғылыми өндірісі саласында әлемдегі ең үздік 20 елдің қатарында».
Атаолла Пур-Аббаси когнитивті нейроғылым саласындағы технологиялық зерттеу жобаларын қолдауда ешқандай шектеулер жоқ екенін атап өтіп, былай деді: «Қолдау саясаты мен зерттеушілер мен ұстаздардың үздіксіз күш-жігерінің арқасында Иран когнитивті ғылымдарды ғылыми өндіруде әлемде жетекші орынға ие болды».