Сардар Каани: Әл-Қассам батальондары сионистік режимнің өрмекші ұясынан да әлсіз екенін көрсетті
(last modified Fri, 17 Nov 2023 13:52:01 GMT )
Қар 17, 2023 19:52 Asia/Almaty
  • Сардар Каани: Әл-Қассам батальондары сионистік режимнің өрмекші ұясынан да әлсіз екенін көрсетті

Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Әл-Қассам батальондарының қолбасшысына хатында: "Әл-Ақса дауылы" операциясы деп аталатын үлкен ерлік дастанын тудырдыңыздар да, сионистік режимнің әлсіздігін айқын көрсеттіңіздер. Сионистік режимнің өрмекші ұясынан да әлсіз екенін көрсеттіңіздер",-деп жазды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сардар Исмаил Каани "Әл-Ақса дауылы" операциясынан кейін Палестина мен аймақ бұрынғыдай болмайтынын айтып: "Дұшпанның әскерилері мен бронды көліктеріне шабуылдар Газа қарсыласу күштерінің бастамашыл екенін көрсетті",-деді.

Сардар Каани Әл-Қассам батальондарының қолбасшысына: "Қарсыласу өзегіндегі бауырларыңыз сіздермен бірге. Палестина мен Газада дұшпанға өзінің сұрқия мақсаттарына жетуге жол бермейміз. Бізді байланыстырған бауырластық уағдамызға берікпіз. Осы тарихи шайқаста не қажет болса, бәрін жасаймыз деп сендіреміз",-деді.

 

Тегтер