Ислам революциясының жетекшісі: Газа оқиғалары әлем халқына көптеген жасырын шындықтарды ашты
(last modified Sun, 19 Nov 2023 14:17:29 GMT )
Қар 19, 2023 20:17 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Газа оқиғалары әлем халқына көптеген жасырын шындықтарды ашты

Ислам революциясының жетекшісі Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің жетістіктері көрмесін тамашалағаннан кейін: "Газа оқиғалары әлем халқына көптеген жасырын шындықтарды ашты. Шындықтардың бірі – Батыс елдері басшыларының нәсілдік кемсітушілікті жақтауы",-деді.

Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабына қарасты Дари радиосының хабарлауынша, Ислам революциясының жетекшісі көрмені аралап болғаннан кейін Ашура аэроғарыш университетінің басшылары және қолбасшылармен кездесіп, сионистік режимді нәсілдік кемсітушіліктің символы деп атап: "Сионистер өздерін жоғары нәсіл, ал басқа адамдарды төменгі нәсіл санайды. Сол себепті олар мыңдаған баланы еш өкінбестен өлтірді",-деді.

Аятолла Хаменеи: "АҚШ Президенті, Германияның канцлері, Францияның Президенті мен Ұлыбританияның Премьер-министрінің адам құқығын қорғау  туралы уәждеріне қарамастан, нәсілшіл режимді қолдап, оған көмектесіп жатқаны бұлардың дүниедегі ең жиіркенішті нәрсе – нәсілдік кемсітушілікті қолдап отырғанын білдіреді",-деді.

Бүкіл күштердің бас қолбасшысы: "Еуропа мен АҚШ халқы осы жағдайға қатысты өз ұстанымын анықтап алуы тиіс. Олар нәсілдік кемсітушілікті жақтамайтынын білдіруі керек",-деп баса айтты.

Аятолла Хаменеи сондай-ақ сионистік режимнің әскери сәтсіздіктеріне тоқталып: "Сионистік режим Газада жеңіліс тапқаны – шындық. Ауруханалар мен түрғындардың үйлеріне басып кіру жеңіс емес. Жеңіс – қарсы тараптың жеңіліс табуы. Ал сионистік режим осы уақытқа дейін бұған қол жеткізе алмады, болашақта да қол жеткізбейді",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі бұл қауқарсыздық көлемінің сионистік режимнен үлкен екенін айтып: "Бұл қауқарсыздық АҚШ пен Батыс елдерінің әлсіздігі дегенді білдіреді. Қазір бүкіл әлем бұл шындықты түсініп отыр. Дамыған әскери құрал-жабдықтарға ие режим мұндай мүмкіндіктері жоқ тарапты жеңе алмады",-деді.

Аятолла Хаменеи сондай-ақ мұсылман елдердің міндеттері мен қатынасы туралы: "Кейбір ислам елдері сырттай сионистік режимнің қылмыстарын айыптады. Кейбіреулері әлі айыптамады. Мұны қабылдауға болмайды. Басты іс – сионистік режимнің күре тамырын кесу керек. Ислам елдері бұл режимге тауар мен қуат көздерінің жетуіне кедергі жасауы керек",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі: "Халықтар шеру мен митинг өткізуді жалғастыру арқылы Палестина халқының жапа шегіп жатқанын ұмыттырмауы керек",-деді.

Тегтер