АҚШ-та қару-жарақ иеленуге құштарлық артты
(last modified Thu, 23 Nov 2023 18:57:54 GMT )
Қар 24, 2023 00:57 Asia/Almaty
  • АҚШ-та қару-жарақ иеленуге құштарлық артты

Сауалнама нәтижесі бойынша, АҚШ халқының жартысынан астамында қару бар. Олар өздерін осылай ықтималды қоқан-лоқылардан қорғауды қалайды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың CNN ақпарат арнасы жүргізген сауалнама бойынша халықтың 52 пайызының үйінде қару бар.  Өткен жылдардың статистикасына сәйкес бұл – АҚШ-та 1999 жылдан бергі қару ұстаудың ең жоғары көрсеткіші.

2019 жылғы сауалнамаға сәйкес, америкалықтардың 46 пайызына жуығының үйлерінде немесе жанұя мүшелерінің бірінде қару болған.

NBC News агенттігі 2004 жылы наурыз айында жүргізген сауалнама бойынша, республикашылдардың 57 пайызының үйлерінде немесе жанұя мүшелерінің бірінде қару болған. Тәуелсіздердің 41 пайызы мен демократтардың 33 пайызы да осылай деді.  

АҚШ-та жарияланған мәліметтерге сәйкес, осы елдің ақ нәсілділері қара нәсілді азаматтарға қарағанда көбірек қару иеленгісі келеді.