Қар 26, 2023 19:00 Asia/Almaty
  • ХАМАС-ты жоюды ойлаған Израильге ескерту жасалды

Сенбі күні Францияның бұрынғы 18 елшісі Le Monde газетіне берген мақаласында: "Израиль Хизбулланың соққысын еске ала отырып, ХАМАС-ты құртамын деген иллюзиядан ада болсын",-деп ескертті.

Францияның елшілері осы мақалада сионистік режимге: "ХАМАС-ты жоюға талпыну деп жарияланған мақсат иллюзияға толы бос ұран ғана",-деп ескертті.

Олар сионистік режимнің Газада толық масштабта соғыс жүргізу стратегиясын "пайдасыз айуандық" деп атап: "ХАМАС-ты жою реалистік мақсаттан гөрі бос ұранға ұқсайды",-деді.  

Францияның бұрынғы дипломаттары өз мақаласында Тель-Авивке 33 күндік соғыста Ливан Хизбулласынан жеңілгенін қайталамау туралы ескертті. 

Тегтер