Жел 04, 2023 21:22 Asia/Almaty
  • Бүгін Раиси өзінің кубалық әріптесін ресми қарсы алды

Иран мен Куба басшыларының кездесуінен кейін Раиси екі елдің жоғары лауазымды делегацияларының жиналысында: "Иран мен Кубаның мүдделеріне сай әлеуеттермен алмасу мақсатында әсерлірек қадамдар жасау керек. Екіжақты әріптестікті дамыту, Палестина халқының құқықтарының орындалуын талап ету, сионистік режимнің қылмыстарына қарсы күресу және үстемшіл жүйеге қарсы тұру – Иран мен Кубаның ортақ ұстанымдарының бірі",-деді.

Раиси Куба Президентінің 22 жылдан кейінгі Теһранға сапарын екіжақты қарым-қатынаста бетбұрыс нүктесі деп атап, ортақ ынтымақтастық салаларына тоқталды.

Иран Президенті Палестина халқын қолдау және сионистік режимнің қылмыстарына қарсы күресуді Иран мен Кубаның ортақ позициясы деп атап, АҚШ пен Батыс елдерінің сионистердің қылмыстарын қолдап отырғанын сынап: "Бұдан да өкініштісі – сионистік режимнің соғыс машинасын тоқтата алмаған халықаралық  қауымдастықтың тиімсіздігі",-деді.

Раиси жапа шеккен халықтарды қорғау үшін әділ жаһандық жүйе қалыптастыру керегін айтып, екі елдің Палестина халқының құқықтарын қолдау үшін коалиция құру туралы ортақ бастама ұсынғанын хабарлады.

Куба Президенті санкцияларды жеңу үшін екі елдің әлеуеттерін біріктіруді ортақ стратегия деп атап: "Коронавирусқа қарсы вакцинаны бірлесіп өндіру энергетика, медицина, ғылым мен технология салаларында әріптестікті дамытуға мүмкіндік барын көрсетті",-деді.

Мигел Диас-Канел: "Газада тез арада атысты тоқтату бітімін орнатуды талап ету, сионистік режимнің қылмыстарын айыптау, тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды талап ету – Кубаның Палестинаға қатысты ұстанымдарының бірі",-деді.   

Екі ел басшыларының қатысуымен 7 ынтымақтастық құжатына қол қойылды.

Тегтер