Иран мен Ресей санкцияға қарсы құжатқа қол қойды
(last modified Wed, 06 Dec 2023 13:07:59 GMT )
Жел 06, 2023 19:07 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей санкцияға қарсы құжатқа қол қойды

Иран мен Ресей сыртқы істер министрлері санкциялар шараларының салдарымен күресу жолдары туралы құжатқа қол қойды. Бұл құжатқа сәйкес екі ел біржақты санкциялар шараларының салдарын жою жолдары саласында ынтымақтасады.

Иран Сыртқы істер министрі Каспий теңізі жағалауындағы елдердің, соның ішінде Иран, Ресей, Түркіменстан, Қазақстан және Әзірбайжан Сыртқы істер министрлерінің Мәскеу отырысында Каспий теңізіндегі бес жақты ынтымақтастықтың қажеттігін қуаттады. Амирабдуллахиан: "Каспий теңізінде жағалаудағы басқа елдердің құқығын есепке алмаған біржақты әрекеттер басқалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіреді",- деді.