Иран Атом қуаты ұйымының баспасөз өкілі: Гросси эмоцияға беріліп сөйлемеуі керек
Иран Атом қуаты ұйымының баспасөз өкілі: "Өкінішке қарай, АҚХА-ның бас директоры өзінің жауапкершілігі аясынан тыс ядролық бағдарлама туралы түсініктер жайлы сөз қозғап отыр",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Беһруз Камалванди сәрсенбі күні АҚХА-ның бас директоры Рафаэль Гроссидің Иранмен екінші "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қою керегі туралы сөздеріне тоқталып: "АҚХА бас директорының міндеті тек техникалық жұмыстарды бақылаумен шектеледі. Ол эмоцияға берілмей, тек шынайы есеп беруі тиіс",-деді.
Камалванди: "Өкінішке қарай, АҚХА бас директоры Иранның ядролық бағдарламасына қатысты түсініктер туралы сөз қозғады. Бұл оның міндетіне жатпайды. Негізі ол мұндай саяси ұстанымдар білдірмеуі тиіс",-деді.
Иран Атом қуаты ұйымының баспасөз өкілі: "Осы уақытқа дейін АҚХА-ның бас директорынан басқа ешкім екінші "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы мәселе көтерген емес. Бұл – бір тосын ұстаным",-деді.