Амир Абдуллахиан D-8 ұйымы бас хатшысының Палестина халқының құқықтарын қолдауға бағытталған талпыныстарын мақтады
(last modified Mon, 11 Dec 2023 13:28:57 GMT )
Жел 11, 2023 19:28 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан D-8 ұйымы бас хатшысының Палестина халқының құқықтарын қолдауға бағытталған талпыныстарын мақтады

Иран Сыртқы істер министрі D-8 экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысына Палестина халқының құқықтарын қолдауға бағытталған талпыныстары үшін алғыс айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан даму үстіндегі 8 елдің (D-8) экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Исиака Абдул Кадерге хатында осы ұйымның Палестина халқын қолдау туралы ортақ мәлімдемесі мен аталмыш ұйымның шараларын үйлестіру талпыныстарына тоқталып, Иранның осы ұйымның Газадағы сионистердің қылмыстарын тоқтатуға бағытталған шараларын қолдайтынын баса айтты.

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ Халықаралық қылмыстық соттың төрағасы мен прокурорға жазған хаттарында Палестина ісін қарастыруды жылдамдатып, кейінгі кездері Газа секторында жасалған қылмыстарға жауаптыларды соттауды талап етті.

Амир Абдуллахиан сондай-ақ Африка одағы комиссиясының төрағасы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы, Альба одағының бас хатшысы, ASEAN одағының бас хатшысына жіберген хаттарында сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстарын мүлде тоқтату үшін әсерлірек  қадамдар жасау керегін айтты.

Тегтер