Жел 12, 2023 18:13 Asia/Almaty
  • Washington Post газеті сионистік режимнің Ливанның оңтүстігінде фосфор бомбаларын қолданғанын мойындады

Америкалық Washington Post газетінің тілшісі Оңтүстік Ливаннан хабарлауынша, бұл аймақта 155 миллиметрлік үш зеңбірек оқтың қалдықтары табылды, бұл сионистердің өткен айда осы аймаққа жасаған шабуылдарында фосфор бомбаларын қолданғанын көрсетеді.

 

Бұл есепте бомбалардың қабығындағы кодтардың АҚШ армиясы осы ел шығарған оқ-дәрілерді жіктеу үшін қолданатын номенклатураға сәйкес келетіні айтылған.

Америка жасаған фосфор бомбаларын қолдану нәтижесінде кем дегенде 9 ливандық бейбіт тұрғын жарақат алды. Бұған дейін Human Rights Watch ұйымы Ливанның оңтүстігінде сионистік режимнің тыйым салынған фосфор бомбаларын қолданғанын растаған болатын.

 

Тегтер