Байден Палестинаға қайшы көзқарасын жалғастыруда
(last modified Wed, 13 Dec 2023 14:41:27 GMT )
Жел 13, 2023 20:41 Asia/Almaty
  • Байден Палестинаға қайшы көзқарасын жалғастыруда

АҚШ президенті: "Нетаньяху Палестина мемлекеті болашақта болмайды деп айта алмайды",- деді.

 

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ президенті Джо Байден сәрсенбі күні таңертең: «Израиль біздің қолдауымыз бен Еуропа мен әлемнің қолдауына сене алады, бірақ [Газаны] үздіксіз бомбалау салдарынан бұл қолдауды жоғалтып жатыр",- деп айтты.

Сайлауға қатысты сөйлеген сөзінде Байден былай деп түсіндірді: «Біз израильдіктерді екі мемлекетті шешімді таңдайтындай етіп біріктіруіміз керек. Мен Конгресстен Израильге көбірек қолдау көрсетуді сұрадым".

Тель-Авив министрлер кабинетіне сөйлеген сөзінде АҚШ президенті: «11 қыркүйекте жасаған қателіктерді қайталамаңыздар. Ауғанстанды басып алу сияқты көп нәрсені ақтауға еш негіз жоқ»",- деді. Байден сионистік үкіметтің кабинеті туралы: «Израиль премьер-министрі үкімет құрамын өзгертуі қажет. Ол екі мемлекетті шешімді қаламайтын Израиль тарихындағы ең консервативті үкіметке ие",- деді.

Тель-Авивті қолдайтынын қайталай отырып, Байден: «Егер Израиль болмаса, біз оны ойлап табуымыз керек еді» деді.