10 халықаралық ұйым тез арада және тұрақты атысты тоқтатуға шақырды
(last modified Wed, 20 Dec 2023 11:37:24 GMT )
Жел 20, 2023 17:37 Asia/Almaty
  • 10 халықаралық ұйым тез арада және тұрақты атысты тоқтатуға шақырды

Сионистік шабуылдарда Газадан 19660-тан астам адам қаза тапқаннан кейін 10 халықаралық ұйым дереу және тұрақты атысты тоқтатуды талап етті.

 

Оксфам, Шекарасыз дәрігерлер, Дүние жүзінің дәрігерлері, Халықаралық мүгедектер ұйымы, Ашаршылыққа қарсы іс-қимыл, Халықаралық төтенше жағдай ұйымы, Франциядағы исламдық көмек, Адам құқықтарының халықаралық федерациясы, Amnesty International және Аштық пен дамуға қарсы католиктік комитеті мәлімдеме дайындау арқылы Газадағы гуманитарлық апаттың өлшемдерінің бұрын-соңды болмағанын және дереу атысты тоқтатудың жүзеге асырылуы керектігін баса айтты. Бұл ұйымдардың айтыунша, «Газадағы қазіргі жағдай соңғы кездері болған барлық қақтығыстардан, тіпті Сирия мен Йеменнен де нашар».