Иран: Ислам ынтымақтастық ұйымы сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату үшін белсендірек әрекет етуі керек
(last modified Fri, 22 Dec 2023 08:23:52 GMT )
Жел 22, 2023 14:23 Asia/Almaty
  • Иран: Ислам ынтымақтастық ұйымы сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату үшін белсендірек әрекет етуі керек

Иран Сыртқы істер министрі Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысымен телефон арқылы сұхбатында халықаралық қауымдастық пен осы ұйымды сионистік режимнің Газаға шабуылдарын тоқтату үшін көбірек әрекет етуге шақырып, Иранның гуманитарлық көмек жіберуге дайын екенін мәлімдеді.

Амир Абдуллахиан осы сұхбатта Газадағы гуманитарлық жағдайдың ушыққанына, медициналық шектеулер мен қиыншылықтардың көбейіп бара жатқанына тоқталып, эр-Риядта өткен ИЫҰ-ға мүше елдер басшыларының саммитында қабылданған қаулыға сәйкес дәрі-дәрмектер мен медициналық препараттардан тұратын гуманитарлық көмектер жіберуді жеңілдету үшін шұғыл түрде тиісті шара қолдану керегін баса айтты.  

 

Тегтер