Йемен: АҚШ шабуыл жасаса, жауап береміз
https://itolqyn.com/news/world-i74634
Йеменнің жоғары саяси кеңесінің мүшесі Мұхаммедәли әл-Хуси: "Егер бізге АҚШ немесе басқа ел шабуыл жасаса, жауап береміз",-деп ескертті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 23, 2023 00:36 Asia/Almaty
  • Йемен: АҚШ шабуыл жасаса, жауап береміз

Йеменнің жоғары саяси кеңесінің мүшесі Мұхаммедәли әл-Хуси: "Егер бізге АҚШ немесе басқа ел шабуыл жасаса, жауап береміз",-деп ескертті.

АҚШ Қызыл теңізде кеме қатынасын қолдау сылтауымен Йеменге қарсы коалиция құрды. АҚШ-тың Қорғаныс министрі жуырда Тель-Авивте Йемен армиясына төтеп беру үшін Қызыл теңізде аймақтық коалиция құрылатынын жариялады. Сана үкіметі: "Осы коалицияға мүше болған кез келген ел өз кемелеріне шабуыл жасалатынын күтсін",-деп ескертті.

Мұхаммедәли әл-Хуси АҚШ әрекетінің Қызыл теңізді әскерилендіріп, кеме қатынасына соққы беретінін айтып: "АҚШ Газадағы қырып-жоюларды қолдап отыр. Егер Қызыл теңізде қауіпсіздіктің сақталуын қаласа, Израильдің қылмыстарын тоқтатуы тиіс",-деді.