Тағы екі компания өз кемелерін Қызыл теңізден өткізуді тоқтатты
(last modified Fri, 22 Dec 2023 19:32:11 GMT )
Жел 23, 2023 01:32 Asia/Almaty
  • Тағы екі компания өз кемелерін Қызыл теңізден өткізуді тоқтатты

Тағы екі компания АҚШ коалициясының уәделеріне қарамастан, өз кемелерін Қызыл теңізден өткізуді тоқтатты.

Германияның Hapag Lloyd компаниясы мен Гонконгтың OOCL компаниясы өз кемелерін Қызыл теңізден өткізуді тоқтатқанын хабарлады.

Hapag Lloyd компаниясы жылдың соңына дейін 25 кеменің қозғалыс бағытын өзгерткенін айтты. Бұлар Қызыл теңіз бен Суэц каналынан өтпесе, Африканы айналып, ұзағырақ жол жүреді.

Йеменнің қарулы күштері өткен апталарда Газаға қолдау ретінде Израильге тиесілі, не оның туын ілген, немесе Израильге бағыт алған кемелерге шабуыл жасап, олардың Қызыл теңіздің оңтүстігіндегі Баб әл-Мандеб бұғазынан өтуіне тосқауыл қойды. 

Гонконгтың OOCL компаниясы өз кемелеріне бағдарды өзгертіп, Қызыл теңіз арқылы өтуді тоқтатуға бұйрық бергенін айтты.