Палестинаны қолдаушылар Лос-Анджелесте шеруге шықты
Америкалық ақпарат құралдары сенбі күні Лос-Анджелесте Палестинаны қолдаушылардың шеруге шығып, полиция күштері оларды тоқтатуға тырысқанын хабарлады.
CNN куәгерлерге сілтеме жасап хабарлауынша, Палестинаны қолдайтын және Израильдің Газадағы соғысының жалғасуына наразы жүздеген адам сенбі күні Лос-Анджелесте көшеге шығып, "Беверли" сауда орталығына қарай жүрді. Полиция күштері ондаған көлік және мотоциклмен шерулердің жолын жауып, олардың қозғалысына кедергі жасады.
Лос-Анджелес полициясы: "Наразылар "Беверли" сауда орталығына баратын көшенің қиылысын жайлап алды. Сондықтан полиция бұл жиынды бейресми деп жариялап, шерушілерді таратуға бұйрық берді",-деді.
Наразылар көшеге отырып алып, көліктің жүрісіне кедергі жасап, Газа секторында атыстың тоқтатылуын талап етіп, сионистік режимнің палестиналықтарды бомбалауының жалғасуына наразылық білдірді.