Жел 25, 2023 19:27 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан ШЫҰ бас хатшысының Палестинадағы өзгерістер туралы позицияларына алғыс айтты

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан жексенбі күні Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Минмен кездесіп, оның Палестинадағы өзгерістер туралы оң әрі конструктивті позициясына алғыс айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан осы кездесуде Иранмен түрлі салада сауда-экономикалық әріптестік жасалып жатқанына тоқталып, осы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Амир Абдуллахиан Иран Вице-Президентінің Бішкек саммитінде экономика және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастық, соның ішінде инвестиция салу, тасымал, транзит және қоршаған ортаны қорғау салаларында әріптесуге қатысты ұсыныстарына назар аударып, ШЫҰ бас хатшысынан осы бастамаларға қолдау көрсетіп, қарастыруды сұрады.

ШЫҰ бас хатшысы осы кездесуде Амир Абдуллахианға Палестина конференциясын сәтті өткізгеніне, Иранның Палестина халқына қатысты түбегейлі ұстанымына алғыс айтып, ШЫҰ-ның Батыс Азия аймағының қауіпсіздігіне беретін маңыздылығы тұрғысынан Палестина мәселесіне қатысты көзқарасын білдірді.

ШЫҰ бас хатшысы ИИР-дың ұйымға мүше елдер арасында қауіпсіздік, экономика, өнеркәсіп салаларында ынтымақтастықты дамытудағы рөлінің маңыздылығына тоқталып, Бішкек саммитінде Иран ұсынған басталамаларды қолдап, ұйым хатшылығы оларды қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Тегтер