Амир Абдуллахиан Иран мен Ауғанстан арасындағы мәселелерді шешу керегін баса айтты
(last modified Mon, 25 Dec 2023 14:12:31 GMT )
Жел 25, 2023 20:12 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Иран мен Ауғанстан арасындағы мәселелерді шешу керегін баса айтты

Иран Сыртқы істер министрі Ауғанстандағы Талибан үкіметінің Сыртқы істер министрі Амирхан Моттакимен кездесіп, екі ел арасындағы мәселелерді шешу керегін баса айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан осы кездесуде екі ел арасындағы мәселелер, соның ішінде шекара, су және т.б. мәселелерді шешу керегіне тоқталып, Ауғанстан үкіметі осы қиыншылықтарды шешу үшін іс жүзінде тиісті шара қолданатынына үміт білдірді.

Ол сондай-ақ Газа секторындағы соңғы өзгерістер мен геноцид жайлы баяндап, Палестина халқына көмектесу үшін барлық азат және мұсылман елдердің әріптесу керегін айтып, Иран мен Ауғанстанның екіжақты қарым-қатынасына тоқталып, оны түрлі қырлардан маңызды деп атап, екі елдің түрлі салалардағы әріптестігін маңызды деп бағалады.

Ауғанстандағы Талибан үкіметінің Сыртқы істер министрі де осы кездесуде Иранның Палестина халқына қатысты түбегейлі позициясын қолдап, сионистік режимді толық жеңгенге дейін Палестинаның қарсыласу күштері мен халқын қолдауды жалғастыра беру керегін айтты.   

Амирхан Моттаки екіжақты қарым-қатынас деңгейін жоғарылатудың маңыздылығына тоқталып, екі елдің барлық салаларда, соның ішінде  су, шекара, сауда, сот және консулдық істер жөніндегі әріптестігін жалғастыра беру керегін айтты.