БҰҰ: Газа босқындарының барар жері жоқ
(last modified Tue, 26 Dec 2023 15:54:18 GMT )
Жел 26, 2023 21:54 Asia/Almaty

БҰҰ-ның гуманитарлық қызметкері Газада палестиналық босқындар үшін бұдан былай қауіпсіз орын қалмағанын мәлімдеді.

 

 

 

Джемма Коннелл: "Шын мәнінде Израиль армиясының қоқан-лоққысымен қауіпсіз аймақтарға баруды көздеген палестиналықтарға орын жоқ. «Адамдар төсек-орындарымен және қарапайым заттарымен бір аймақтан екінші аймаққа барады, бірақ орын да, қауіпсіздік те жоқ»,- деді.

Дүйсенбі күні таңертең сионистік режим Газаның орталығындағы әл-Мағази босқындар лагеріне әуе және артиллериялық шабуыл жасап, ондаған адамды өлтірді. Бұл сионистік режимнің Газаның оңтүстігіне, соның ішінде Хан Юнис пен Рафахқа шабуылдарын күшейткен кезі.

БҰҰ статистикасы бойынша, Газа секторының солтүстігіндегі 1,5 миллионға жуық тұрғын оңтүстік аудандарға көшуге мәжбүр болды.

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы бұған дейін: "Израиль Газа тұрғындарын қауіпсіз деп мәлімдеген аймақтарға бағыттап, бұл жерлерді жаппай қырып-жою аймағына айналдырады".- деп  айтқан болатын.