Лавров: Ресей Иранның аумақтық тұтастығын сөзсіз құрметтейді
https://itolqyn.com/news/world-i74746-Лавров_Ресей_Иранның_аумақтық_тұтастығын_сөзсіз_құрметтейді
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Иранның Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдулахианмен телефон арқылы сөйлесуінде: «Ресей Иранның аумақтық тұтастығын шынайы, адал және сөзсіз құрметтейді және бұл Мәскеудің өзгермейтін ұстанымы",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 27, 2023 20:24 Asia/Almaty
  • Лавров: Ресей Иранның аумақтық тұтастығын сөзсіз құрметтейді

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Иранның Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдулахианмен телефон арқылы сөйлесуінде: «Ресей Иранның аумақтық тұтастығын шынайы, адал және сөзсіз құрметтейді және бұл Мәскеудің өзгермейтін ұстанымы",- деді.

 

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейсенбі күні кешке телефон арқылы сөйлескен Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиян мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Оңтүстік Кавказға қатысты оқиғаларды, ынтымақтастық пен екіжақты қарым-қатынастардың соңғы жағдайы мен кейбір аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылады.  

Бұл телефон әңгімесінде тараптар бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге баса назар аударды.

Ресей Сыртқы істер министрі ИИР-ның Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда келісіміне қол қоюымен құттықтап, оны Иран   мен Ресей және осы одаққа мүше елдер арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды дамытудағы өте маңызды қадам деп атады. Ол сондай-ақ екі елдің Рашт-Астара темір жол құрылысын салудағы ынтымақтастығына тоқталды және Мәскеудің осы келісімді жүзеге асыру үшін барлық ішкі формальдылықтарды аяқтағанын ескере отырып, өз елінің екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарын іске асыруды тездетуге бел байлағанын атап өтті.