Ансаролла: АҚШ-тың Қызыл теңізді қауіпті деп көрсетуге бағыттаған талпыныстары сәтсіздікке ұшырады
Йеменнің Ансаролла қозғалысының баспасөз өкілі бейсенбі күні: "АҚШ-тың Қызыл теңізді қауіпті деп көрсетуге бағыттаған талпыныстары сәтсіздікке ұшырады. Оның Йеменге қарсы теңіз коалициясы заңсыз болғандықтан қолдау таппады",-деді.
Мұхаммед Абдусалам Euro News арнасына берген сұхбатында: "Қызыл және Араб теңіздерінде халықаралық жолдардың қауіпсіздігі сақталған. Күніне жүздеген кеме Қызыл теңізді кесіп өтеді. АҚШ коалициясы бұл теңізде тек Израильді қолдау үшін жүр",-деді.
Мұхаммед Абдусалам Сана үкіметінің тек Израильдің кемелері немесе басып алынған Палестинаға бағыт алған кемелерді ғана нысанаға алатынын ашық жариялағанын айтып: "Аталмыш коалиция әлем халықтарын Қызыл және Араб теңіздерінде қауіп бар дегенге сендіре алмады",-деді.