БҰҰ Израильдің көмек керуеніне жасаған шабуылын айыптады
(last modified 2023-12-30T12:11:19+00:00 )
Жел 30, 2023 18:11 Asia/Almaty
  • БҰҰ Израильдің көмек керуеніне жасаған шабуылын айыптады

БҰҰ-ның көмек көрсету бөлімінің басшысы Израиль режимінің Газаға көмек көрсету керуеніне жасаған шабуылын айыптады.

 

Рұқсат етілген бағытта жүріп келе жатқан көмек керуеніне Израильдің жасаған шабуылына реакция білдіріп Гриффитс: «Гуманитарлық қызметкерлерге шабуыл жасау заңсыз»,- деді. Израиль армиясы бейсенбі күні Газа секторының солтүстігіне көмек жеткізгеннен кейін қайтып келе жатқан БҰҰ-ның конвойына шабуыл жасады. БҰҰ өкілдері бұл шабуылдан ешкім зардап шекпегенін айтты, бірақ бұл оқиға Израильдің соғыстан зардап шеккен палестиналықтарға көмек көрсетуде көптеген қиындықтар туғызатынын көрсетеді.

 

Тегтер