Иранның Энергетика министрі Тәжікстанмен сауда айналымын арттыру керегін айтты
(last modified Sun, 31 Dec 2023 13:09:42 GMT )
Жел 31, 2023 19:09 Asia/Almaty
  • Иранның Энергетика министрі Тәжікстанмен сауда айналымын арттыру керегін айтты

Иран Энергетика министрі Тәжікстандағы Рогун бекеті мен су электр стансасының жұмысымен танысып, осы елмен сауда айналымын арттыру керегін айтты.

Тәжікстанның Рогун СЭС-і 14 млрд текше метр су қоры бар әлемдегі ең биік бөгетте орналасқан. Станса 6 бөліктен тұрады. Әрқайсының сыйымдылығы – 600 мегаватт.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әлиакбар Мехрабиан Рогун СЭС-імен таныса келіп: "Теһран дос елдер, соның ішінде Тәжікстанмен сауда айналымы көлемін арттыруға талпынады",-деді.

Иран Энергетика министрі Рогун СЭС жобасының бір бөлігін ирандық мердігерлер салып жатқанын айтып: "Осы жобаны орындап, толықтыру үдерісінде ирандық инженерлік-техникалық компаниялардың қызметі қолданылып жатыр",-деді.