Жел 31, 2023 20:58 Asia/Almaty
  • Нури Малеки: Ирак халқы мен шәһид Сүлейманидің талпыныстарынсыз ДАИШ-ке қарсы тұра алмас едік

Ирак үкіметінің басшысы ДАИШ лаңкестік тобын АҚШ құрғанын айтып: "Шәһид Сүлеймани мен шәһид Әбу Махди әл-Мұхандес және Ирак халқының талпыныстары болмағанда ДАИШ-ке қарсы тұра алмас едік",-деді.

Бағдаттағы Иран елшілігі кеше, сенбі қарсыласу қолбасшылары шәһид Сүлеймани мен шәһид Әбу Махди әл-Мұхандестің қаза тапқанына төрт жыл толуына байланысты еске алу рәсімін өткізді. Бұл рәсімге Ирактың жоғары лауазымды қайраткерлері мен саяси ағымдарының басшылары қатысты.

Нури Малеки: "Ирак халқы өз жерінде шетелдік күштердің болуын қабылдамайды және осы елдің перзерттерін өлтіруге жол бермейді",-деді.  

Хашд аш-Шааби ұйымының басшысы Иранның Иракқа ДАИШ-ке қарсы күресуге көмектескенін айтып: "Иран осы күресте үлкен рөл атқарды",-деді.

Тегтер