Жел 31, 2023 21:14 Asia/Almaty

Германияның астанасы Берлинде түрлі халықтық топтар Палестина халқын қолдау үшін көшеге шықты.

2023 жылы 7 қазанда Газада соғыс басталғанымен бір мезгілде Германияның астанасы Берлин мен басқа қалаларда антисионистік шерулер басталды.

Палестинаны жақтаушылар Германиямен қоса Еуропаның басқа елдері, соның ішінде Ұлыбританияда апта сайын көшеге шығып, сионистік режимге қарсы шеру өткізеді.

Германиядағы Палестинаны жақтаушылар он екінші апта қатарынан Берлиннің көшелеріне шығып, Газа халқына тілеулестік білдірді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Германиядағы Палестинаны жақтаушылар сенбі күнгі шеруде сионистік режимнің Газа секторында қылмыс жасап, Палестина халқын қырып-жойып жатқанын айыптады.

Шерушілер Палестина туын ұстап шығып, "Палестина жері азат етілсін" деп ұрандатып, атысты тоқтатуды талап етті.

Франция халқы да Палестина халқына қолдау ретінде көшеге шықты.

Тегтер